АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Түркия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
© Photo
Қасында жұбайы Эмине Ердоған да бар. Оларды Астана әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Осыдан кейін мемлекет басшыларының кортежі Ақордаға бет алды. Президент резиденциясында Түркия басшысын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
В Астану прибыл Реджеп Тайип Эрдоган
© Sputnik / Владислав Воднев
Тоқаев пен Ердоған екі елдің үкіметтік делегацияларымен амандасып шықты.
Қос елдің мемлекеттік Әнұрандары орындалып, құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекет басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты.
В Астану прибыл Реджеп Тайип Эрдоган
© Sputnik / Владислав Воднев
Салтанатты шара аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөз залына өтті.
Айта кетері, Түркия президенті елордада өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады.