https://sputnik.kz/20221012/turkiya-prezidenti-astanaga-keldi-28399914.html
Түркия президенті Астанаға келді
Түркия президенті Астанаға келді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. 12.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-12T15:27+0500
2022-10-12T15:27+0500
2022-10-12T15:48+0500
режеп тайип ердоған
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28398974_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_a69248cf560b9244494e00e6d7622c6c.png
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.Қасында жұбайы Эмине Ердоған да бар. Оларды Астана әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Осыдан кейін мемлекет басшыларының кортежі Ақордаға бет алды. Президент резиденциясында Түркия басшысын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Тоқаев пен Ердоған екі елдің үкіметтік делегацияларымен амандасып шықты. Қос елдің мемлекеттік Әнұрандары орындалып, құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекет басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты. Салтанатты шара аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөз залына өтті. Айта кетері, Түркия президенті елордада өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28398974_70:0:1207:853_1920x0_80_0_0_afbe5a83bcad5189a71d2c512d96991b.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
режеп тайип ердоған, қазақстан
режеп тайип ердоған, қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Қасында жұбайы Эмине Ердоған да бар. Оларды Астана әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Осыдан кейін мемлекет басшыларының кортежі Ақордаға бет алды. Президент резиденциясында Түркия басшысын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Тоқаев пен Ердоған екі елдің үкіметтік делегацияларымен амандасып шықты.
Қос елдің мемлекеттік Әнұрандары орындалып, құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекет басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты.
Салтанатты шара аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөз залына өтті.
Айта кетері, Түркия президенті елордада өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады.