Өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды

Sputnik
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 50 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 26 науқас тіркелген болатын.
12 қазандағы мәлімет бойынша 1 039 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 106 пациент стационарда, 933 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
5 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 394 078 науқас тіркелді.
Денсаулық
Коронавирус өкпені зақымдау қабілетінен айырылды