АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Жамбыл облысындағы Бурный – Сұрым аралығында сенбіге қараған түні Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойызы өртенді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт түнгі сағат 3-тер шамасында электр қондырғысы бөлмесінде тұтанған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер 34 жолаушыны эвакуациялауға көмектесті. Ешкім зардап шеккен жоқ.