Вагондағы өрт: жолаушыларға билет құнының жартысы қайтарылды

© Sputnik / Александр Гальперин / Медиабанкке өтуПассажиры в поезде
Пассажиры в поезде - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана-Петропавл" бағытындағы пойыз жолаушыларына басқа пойызға ауысып мінуіне байланысты билет ақшасының бір бөлігі қайтарылады, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы.
Олар Астана вокзалынан Петропавл стансасына стандартты вагондардан тұратын басқа пойызбен жөнелтілді.
"Астана-Петропавл бағыты бойынша №901 қосымша пойыздың жолаушыларына билет құнының бір бөлігі қайтарылады", - деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Астана-Петропавл" бағытындағы № 901 пойыздың жолаушыларын тамақпен қамтамасыз етті.
Естеріңізге сала кетейік, лматы - Петропавл жолаушылар пойызы түнде Астана маңында шұғыл тоқтады.
Кейбір адамның пабликтердің хабарлауынша, пойыз өртке байланысты тоқтаған. ҚТЖ мұндай шараға техникалық вагондағы ақау себеп болғанын мәлімдеді.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Пойызда 184 жолаушы болған. Олар баратын жеріне басқа пойыздармен жеткізіледі.
Жаңалықтар
0