АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлауға қатысу үшін конституциялық талаптарға сай деп танылды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.
"Мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейін анықтау тәртібі келесі өкілеттік мерзіміне кандидатурасы қайта ұсынылған қазіргі президентке қолданылмайды", - деді Орталық сайлау комиссиясындағылар.
Тоқаевтың мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 43 жыл 1 айды құрайды.
Еске салсақ, Тоқаев алдағы сайлауға Amanat, ҚХП, "Ақ жол" атты үш партия, сондай-ақ 20-дан астам қоғамдық бірлестік кіретін қоғамдық-саяси күштердің халықтық коалициясынан ұсынылып отыр.
Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілден емтиханды сәтті тапсырды
"Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы атынан президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен лингвистикалық комиссия алдында қазақ тілін жақсы білетінін дәлелдеді.
"Үміткердің жазба жұмысының тақырыбы "Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер" болды. Жазбаша жұмыс мазмұны, стилі, орфографиясы және тыныс белгілері бойынша бағаланды. Кандидат жұмысты жазуға берілген барлық уақытты пайдаланды. Екінші тапсырмада ол Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма "Ырыс алды – ынтымақ" тақырыбында 15 минуттық баяндама жасауды қарастырды", - деп жазылған Орталық сайлау комиссяиысының хабарламасында.
Кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді.