https://sputnik.kz/20221008/toqaev-prezidenttikke-umitkerlerge-qoyylatyn-barlyq-talapqa-saykes-keledi---osk-28286826.html
Тоқаев президенттікке үміткерлерге қойылатын барлық талапқа сәйкес келеді - ОСК
Тоқаев президенттікке үміткерлерге қойылатын барлық талапқа сәйкес келеді - ОСК
Sputnik Қазақстан
Ол қазақ тілінен емтихан тапсырудан босатылды 08.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-08T15:59+0500
2022-10-08T15:59+0500
2022-10-08T16:20+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/05/28193147_0:77:1280:797_1920x0_80_0_0_125889a7cd7b4c24cfc7b51f1dd8d838.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлауға қатысу үшін конституциялық талаптарға сай деп танылды.Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.Тоқаевтың мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 43 жыл 1 айды құрайды.Еске салсақ, Тоқаев алдағы сайлауға Amanat, ҚХП, "Ақ жол" атты үш партия, сондай-ақ 20-дан астам қоғамдық бірлестік кіретін қоғамдық-саяси күштердің халықтық коалициясынан ұсынылып отыр.Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілден емтиханды сәтті тапсырды"Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы атынан президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен лингвистикалық комиссия алдында қазақ тілін жақсы білетінін дәлелдеді."Үміткердің жазба жұмысының тақырыбы "Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер" болды. Жазбаша жұмыс мазмұны, стилі, орфографиясы және тыныс белгілері бойынша бағаланды. Кандидат жұмысты жазуға берілген барлық уақытты пайдаланды. Екінші тапсырмада ол Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма "Ырыс алды – ынтымақ" тақырыбында 15 минуттық баяндама жасауды қарастырды", - деп жазылған Орталық сайлау комиссяиысының хабарламасында.Кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/05/28193147_58:0:1222:873_1920x0_80_0_0_20e93f645d669c6967d111ca96d8c4d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев президенттікке үміткерлерге қойылатын барлық талапқа сәйкес келеді - ОСК
15:59 08.10.2022 (жаңартылды: 16:20 08.10.2022) Ол қазақ тілінен емтихан тапсырудан босатылды
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлауға қатысу үшін конституциялық талаптарға сай деп танылды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.
"Мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейін анықтау тәртібі келесі өкілеттік мерзіміне кандидатурасы қайта ұсынылған қазіргі президентке қолданылмайды", - деді Орталық сайлау комиссиясындағылар.
Тоқаевтың мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 43 жыл 1 айды құрайды.
Еске салсақ, Тоқаев алдағы сайлауға Amanat, ҚХП, "Ақ жол" атты үш партия, сондай-ақ 20-дан астам қоғамдық бірлестік кіретін қоғамдық-саяси күштердің халықтық коалициясынан ұсынылып отыр.
Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілден емтиханды сәтті тапсырды
"Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы атынан президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен лингвистикалық комиссия алдында қазақ тілін жақсы білетінін дәлелдеді.
"Үміткердің жазба жұмысының тақырыбы "Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер" болды. Жазбаша жұмыс мазмұны, стилі, орфографиясы және тыныс белгілері бойынша бағаланды. Кандидат жұмысты жазуға берілген барлық уақытты пайдаланды. Екінші тапсырмада ол Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма "Ырыс алды – ынтымақ" тақырыбында 15 минуттық баяндама жасауды қарастырды", - деп жазылған Орталық сайлау комиссяиысының хабарламасында.
Кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді.