Әлеуметтік желіде шенеунікті пара алды деп айыптаған әйелге айыппұл салынды

Сотта ол пара алу фактісін дәлелдей алмады
Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотында қызу талқыланған жала жабу туралы іс қаралды.
Жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде 2019 жылы Т. есімді шенеунік пара алғанын айтты.
Ер адам жала жабу туралы арыз жазған.
Сотта әйел пара алу фактісін дәлелдей алмады.
Ол кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК (612 600 теңге немесе 1 291 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, қызылордалық әйел шағымдануға құқылы.
Өңірлер
Танысына зорлады деп жала жапқан қазақстандық қыз сотталды