Әлеуметтік желіде шенеунікті пара алды деп айыптаған әйелге айыппұл салынды

© Photo : CC0 / rawpixelЖенщина со смартфоном
Женщина со смартфоном - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Жазылу
Сотта ол пара алу фактісін дәлелдей алмады
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотында қызу талқыланған жала жабу туралы іс қаралды.
Жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде 2019 жылы Т. есімді шенеунік пара алғанын айтты.
Ер адам жала жабу туралы арыз жазған.
Сотта әйел пара алу фактісін дәлелдей алмады.
Ол кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК (612 600 теңге немесе 1 291 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, қызылордалық әйел шағымдануға құқылы.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Өңірлер
Танысына зорлады деп жала жапқан қазақстандық қыз сотталды
Жаңалықтар
0