АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстанның интерполы танымал вайнер Азимжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Интерпол Казахстана прокомментировал информацию о задержании известного в стране вайнера Азимжана Саидбаева.
"Шетелдік әріптестерімізден қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген Азимжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы ресми ақпарат әзірге түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство.
Әлеуметтік желіде халықаралық іздеуде жүрген Саидбаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды.
Ол Mudarabah capital пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та пирамиданы құрды деп айыпталып жатыр.
Саидбаевқа 11 ақпанда іздеу жарияланған болатын. Төребаев пен Шерниязов қамауда отыр.