Павлодар облысында "Іздестіру" іс-шарасы аясында 20-дан астам қылмыскер ұсталды

Оның оны – халықаралық іздеуде болған ТМД елдерінің азаматы
Sputnik
ПАВЛОДАР, 30 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысы полициясының жедел уәкілдері қылмыс жасағаны үшін тергеу органдарынан жасырынып жүрген 23 қылмыскерді анықтады, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Павлодарда алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 24 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Ол Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екібастұзда РФ ІІМ-нің Түмен облысындағы басқармасы 2019 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін іздеу салған 32 жастағы Қазақстан азаматы анықталды", - деді облыстың криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Құқық қорғау ведомствосы ұсталғандардың екеуін экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ қарақшылық шабуыл, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық және есірткі саудасы бойынша алты адам ұсталды.
Еске сала кетейік, облыста 22-24 қыркүйек аралығында "Іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодардан табылды