Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодардан табылды

© pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Халықаралық іздеуде жүрген Беларусь азаматы Екібастұз қаласында ұсталды. Ол көлікті ішімдік ішіп жүргізгені үшін тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері "ВАЗ 21124" көлігін байқап, құжат тексеру үшін тоқтатқан. Алайда рөлде отырған ер адамның жүргізуші куәлігі болмаған. Оған қоса, көлікті мас күйде басқарған. Оны медициналық тексерістің нәтижесі де растады. 43 жастағы ер адам Беларусь азаматы болып шықты. Баласына алимент төлемей, қашып жүрген. Сол үшін халықаралық іздеуге жарияланды.
Ал Екібастұз қалалық полиция басқармасы ұсталған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша хаттама толтырды. Оған сәйкес, шетелдік азамат 20 тәулікке қамалды. Одан кейін тәртіп сақшылары оны елден шығаруға арыз түсірді. Сот оны да мақұлдады.
Осылайша, 7 тамызда полицейлер қашқынды "Нұр-Сұлтан – Минск" рейсіне мінгізіп жіберді.
Жаңалықтар
0