НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысының прокурорлары мектептерде жалған диплом пайдаланудың 9 дерегін анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Мысалы, Аққұдыс орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған дипломмен ұсталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша (жалған құжат пайдалану) жауапқа тартылды", - деп атап өтті прокуратура қызметкерлері.
Қарақия аудандық сотының шешімі бойынша мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш (76 575 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Осыған ұқсас фактілер Ақтау қаласында 2 мектепте
(қазақ тілі және қазақ әдебиеті), Жаңаөзен де 3 мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданының 2 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі), Бейнеу ауданының 1 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі) анықталған.