https://sputnik.kz/20220315/aqmola-oblysy-sport-mektebi-23535232.html
Ақмола облысында спорт мектебінің үш бапкері жалған дипломмен жұмыс істеген
Ақмола облысында спорт мектебінің үш бапкері жалған дипломмен жұмыс істеген
Sputnik Қазақстан
Үшеуі де Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген 15.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-15T16:46+0500
2022-03-15T16:46+0500
2022-03-15T16:52+0500
өңірлер
ақмола облысы
диплом
спорт кешені
https://sputnik.kz/img/479/25/4792577_0:0:2017:1134_1920x0_80_0_0_847b18b6b46e33bf249bf19201b9a31f.jpg
АЛМАТЫ, 15 наурыз - Sputnik. Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері жалған дипломмен спорт мектебіне жұмысқа орналасқан үш адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 12 наурызда Целиноград ауданының полиция бөліміне спорт мектебі жаттықтырушыларының жоғары білімі жоқ деген ақпарат түскен. Олар жалған құжатпен жұмыс істеп жүргені айтылған."Нұр-Сұлтан қаласының 1980, 1983 және 1995 жылы туған тұрғындары екі жылдай жалған дипломмен жұмыс істеген. Құжатқа сәйкес, олар Қазақ спорт және туризм академиясын "тәмамдаған". Дипломдар 2003, 2009 және 2018 жылдары берілді деп жазылған. Алайда құжаттар жалған екені анықталды", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі ("Жалған құжат, мөр, мөртабан, бланк, пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.Бұл баптың санкциясына сәйкес, жоғары білім туралы жалған құжаттарды пайдаланған спорт мектебінің жаттықтырушыларына 160 АЕК (490 080 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.Дипломдар айғақ зат ретінде тәркіленді, тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20210203/Nygmatulin-ministr-16199373.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/25/4792577_76:0:1813:1303_1920x0_80_0_0_22361ed9d892c84eaa3d1668bfe4caf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, диплом, спорт кешені
ақмола облысы, диплом, спорт кешені
Ақмола облысында спорт мектебінің үш бапкері жалған дипломмен жұмыс істеген
16:46 15.03.2022 (жаңартылды: 16:52 15.03.2022) Үшеуі де Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген
АЛМАТЫ, 15 наурыз - Sputnik. Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері жалған дипломмен спорт мектебіне жұмысқа орналасқан үш адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 12 наурызда Целиноград ауданының полиция бөліміне спорт мектебі жаттықтырушыларының жоғары білімі жоқ деген ақпарат түскен. Олар жалған құжатпен жұмыс істеп жүргені айтылған.
"Нұр-Сұлтан қаласының 1980, 1983 және 1995 жылы туған тұрғындары екі жылдай жалған дипломмен жұмыс істеген. Құжатқа сәйкес, олар Қазақ спорт және туризм академиясын "тәмамдаған". Дипломдар 2003, 2009 және 2018 жылдары берілді деп жазылған. Алайда құжаттар жалған екені анықталды", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі ("Жалған құжат, мөр, мөртабан, бланк, пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Бұл баптың санкциясына сәйкес, жоғары білім туралы жалған құжаттарды пайдаланған спорт мектебінің жаттықтырушыларына 160 АЕК (490 080 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Дипломдар айғақ зат ретінде тәркіленді, тергеу жалғасып жатыр.