"Amanat" партиясының кезектен тыс съезі 6 қазанда өтеді

Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну басталды