сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну басталды

ЦИК
ЦИК - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Жазылу
Кезектен тыс президент сайлауы биыл 20 қарашада өтеді, орталық сайлау комиссиясы науқанды өткізуге үкіметтен 20,5 млрд теңге сұрап отыр
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Бүгін, 23 қыркүйекте Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну басталды. Науқан 19 күнге, яғни 11 қазан кешкі сағат алтыға дейін созылады.
Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Президенттікке үміткерге қандай талаптар қойылады:
тумысынан Қазақстан азаматы болуы керек;
соңғы 15 жыл ел аумағында тұруы шарт; жоғары білімі бар;
40 жасқа толған; белсенді сайлау құқығына ие;
мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
мемлекеттік тілді еркін меңгеруге тиіс.
Сонымен қатар, саяси додада бақ сынайтын кандидаттар 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.
"Бүгінде сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңгені құрайды. Бұл 50 ең төменгі жалақы. Егер кандидат лауазымға сайланса немесе дауыс беруге қатысатындардың кемінде 5% даусын жинаса, сайлау жарнасы қайтарылады", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Бұдан бөлек, президенттікке кандидаттарды қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар калалардың және астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1%-нің қолын жинаумен куәландырылуға тиіс.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне 11 827 277 азамат енген. Соған сәйкес, әрбір кандидат 118 273 сайлаушының қолын жинауы шарт.
Кандидаттарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі
қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының хаттамасынан президенттікке кандидат ұсыну туралы үзінді.
Қоғамдық бірлестіктің әділет министірлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса берілуге тиіс;
президенттікке кандидат ретінде сайлауға түсуге келісім беру туралы өтініш; азаматтардың қолдарын тексеру нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
кандидаттың өмірбаяны;
кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды.
Сайлау алдындағы үгіт 21 қазанда басталып, 18 қарашада аяқталады.
19 қараша – тыныштық күні. Ал 20 қарашада халық сайлау учаскелеріне барып дауыс береді.
Қазақстандықтар "бәріне қарсы" дауыс бере алады
Осы жолғы президент сайлауының бюллетеньдеріне "Бәріне қарсымын" деген баған қосылады. Президенттікке ұсынылған кандидаттарға сайлаушылардың көңілі толмаса, олар дәл осы тармақты таңдап өз қарсылығын білдіре алады.
Айта кетері, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" бағанын қосуды көздейтін заңға қол қойды.
Орталық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, биыл бюллетеньдер айтарлықтай қымбаттаған. Мәселен, 2019 жылы бір бюллетеньді әзірлеуге 11 теңге қажет болса, 2022 жылы құны 22 теңгеге дейін өсіп отыр. Ел президентін жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
Президент жеті жылға сайланады
20 қараша күні сайлаушылар Қазақстан президентін жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлайды. Яғни қайта сайлануға тыйым салынады. Конституцияға тиісті түзетулер таяуда ғана енгізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жолдауында президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынған болатын. Көп ұзамай парламент депутаттары Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді. Артынша президент қол қойды. Бұған дейін Қазақстан президенті бес жыл мерзімге сайланды.
Жаңалықтар
0