"Бурабайдағы" өртті 270-тен астам адам сөндіріп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. "Бурабай" ұлттық табиғи паркі аумағындағы "Көкшетау" тауында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда өрт ауыздықталған. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамының 200-ден астам адамы және "Бурабай" паркінің 70 қызметкері, сондай-ақ Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" су құю құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды.
Нақтыланған мәліметке сәйкес, өсімдік жабыны өртенген. Өрт сөндіру кезінде тікұшақ 12 рет (36 тонна) су шашты. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға
Бурабайда өрт болды - себебі анықталып жатыр