Оқиға

Бурабайда өрт болды - себебі анықталып жатыр

© Sputnik / Александр МирогловБурабай
Бурабай - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. "Бурабай" паркі аумағынан өрт шықты.
Бүгін таңертең жедел кезекшінің пультіне "Көкшетау" тауында шамамен 800 метр биіктікте түтін көрінгені туралы хабарлама түскен.
Нақтыланған мәліметтер бойынша өсімдіктер өртенген, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Өрт ауданы мен себебі анықталып жатыр. Өртті жоюға Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті және "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды. Олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша өртті жедел жою үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылған. Ол да оқиға орнына бет алған.
Астанадан шығаберісте өрт болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2022
Оқиға
Астанадан шығатын жол жақта өрт болды
Жаңалықтар
0