АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. Жұма күні Астанада заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға арналған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер прокурорларының XX мерейтойлық жиыны өтіп жатыр.
Жиында қылмыстық активтерді өндіріп алудың тәжірибесі мен проблемалары сөз болды. Отырыста трансұлттық экономикалық қылмыс қауіпсіздікке қол сұғып қана қоймай, қаржылық жүйе тұрақтылығына, ашықтығына және тиімділігіне нұқсан келтіретін қауіп екені айтылды.
"ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа елдермен тауар айналымының жылдық айырмашылығы шамамен 675 миллиард доллар", - деп хабарлады Бас прокуратура халықаралық сарапшылардың мәліметтеріне сілтеме жасап.
Бұл ақшаның бір бөлігі қылмыстық мақсаттарға, соның ішінде терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға жұмсалуы мүмкін.