https://sputnik.kz/20220208/prezident-keden-beketi-bylyq-22615660.html
Президент: кеден бекетіндегі былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болады
Президент: кеден бекетіндегі былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болады
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Қытайдың статистикасымен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 миллиард доллар екенін атап өтті 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T13:44+0500
2022-02-08T13:44+0500
2022-02-08T13:47+0500
экономика
президент
кеден
https://sputnik.kz/img/359/97/3599761_0:0:3076:1731_1920x0_80_0_0_8008a1b422efa873530191ce84a486ec.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеден бекеттерінде қордаланған мәселелерді жедел шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Бұл бюджет үшін айрықша маңызы бар сала. Тағы да қайталап айтамын: ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін. Қытайдың статистикасымен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 миллиард доллар болуы – соның дәлелі", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. Айтуынша, қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде 12 мыңнан аса көлік электронды кезекте тұр. Ол кеден және логистика жүйесіне ірі халықаралық компанияларды тарту қажет деп санайды. Айтуынша, олар қажетті тасымал көлемін, жұмыстың ашық әрі есепті болуын қамтамасыз ете алады. Тоқаев үкіметке осы мәселені тағы да пысықтап, өзіне баяндауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/359/97/3599761_269:0:3000:2048_1920x0_80_0_0_c5e65e8d3e3b9ff737c97f03ebbff325.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент кеден таможня қасым-жомарт тоқаев
президент кеден таможня қасым-жомарт тоқаев
Президент: кеден бекетіндегі былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болады
13:44 08.02.2022 (жаңартылды: 13:47 08.02.2022) Мемлекет басшысы Қытайдың статистикасымен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 миллиард доллар екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеден бекеттерінде қордаланған мәселелерді жедел шешуді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл бюджет үшін айрықша маңызы бар сала. Тағы да қайталап айтамын: ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін. Қытайдың статистикасымен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 миллиард доллар болуы – соның дәлелі", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айтуынша, қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде 12 мыңнан аса көлік электронды кезекте тұр.
"Құзырлы экономикалық операторлардың заңсыз әрекеті жайлы бұған дейін де айттым. Олар кеденнен және басқа да бақылау органдарынан соншама жеңілдікті қалай алып отыр? Не себепті бұл мәселе назардан тыс қалған? Бұл сұрақтарға он күн ішінде нақты әрі толық жауап күтемін. Осы саланың қызметін заң бойынша қатаң реттеу қажет", - деді президент.
Ол кеден және логистика жүйесіне ірі халықаралық компанияларды тарту қажет деп санайды.
Айтуынша, олар қажетті тасымал көлемін, жұмыстың ашық әрі есепті болуын қамтамасыз ете алады. Тоқаев үкіметке осы мәселені тағы да пысықтап, өзіне баяндауды тапсырды.