Шымкентте күйеуімен жанжалдасқан келіншек өз-өзіне қол салмақшы болды – видео

Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
22 қыркүйек кешкі сағат 18:04 шамасында бір әйел Қонаев даңғылы мен Мәделі қожа көшесінің қиылысындағы құбырға шыққан. Оны жедел басқару орталығында отырған инспектор Дархан Құлмырзаев "Сергек" камерасы арқылы көріп қалған. Полицей бірден жақын жүрген экипаждарға хабар беріпті.
Оқиға орнына 3-ші рота командирінің орынбасары Табиғат Жақсыбектегі барды. Тәртіп сақшысы құбырға шығып, әйелмен сөйлесті. Одан кейін ақырындап қауіпсіз жерге алып шықты. Ал Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде оқиғаның мән-жайы анықталды.
30 жастағы қала тұрғыны күйеуімен екі бала тәрбиелеп отыр. Бір күн бұрын жұбайымен ұрсысып, өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдаған. Туыстары полицияға алғыс айтты.
Атырауда мүмкіндігі шектеулі азамат өзіне қол жұмсамақ болды