Ресейден келетін көліктер көбейді – комитет

Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Екі күннен бері Қазақстанға Ресейден келетін көліктердің саны көбейді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға Ресейден келетін көліктердің саны 20 процентке көбейген.
"Осыған байланысты кейбір шекара өткізу бекеттерінде, әсіресе, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында кептеліс байқалады", - дейді комитет мамандары.
Көші-қон қызметінің ақпаратына сәйкес, мигранттардың кіруі шекарадан бастап тіркеледі. Барлық мәлімет бірыңғай деректер базасына автоматты түрде түседі. Статистикаға сәйкес, биыл Қазақстанға 4,3 млн-ға жуық шетелдік келген. Олардың 4,1 млн-ы қайтадан кетіп қалды. Соның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары да бар. Осы елден 1 660 000 адам келсе, 1 640 000 азамат кеткен. Уақытша қалғандардың бәрі есепке алынды.
Айта кетері, 21 қыркүйекте Ресейде Украинамен жағдайға байланысты ішінара мобилизация жарияланған болатын.
Көші-қон қызметі елдегі Ресей азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады