https://sputnik.kz/20220923/reseyden-keletin-kolikter-27813072.html
Ресейден келетін көліктер көбейді – комитет
Ресейден келетін көліктер көбейді – комитет
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Екі күннен бері Қазақстанға Ресейден келетін көліктердің саны көбейді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер... 23.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-23T10:46+0500
2022-09-23T10:46+0500
2022-09-23T10:48+0500
ресей
көлік
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/08/18602512_0:303:3072:2031_1920x0_80_0_0_c0558528c41a998661c3f95ceedba1c5.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Екі күннен бері Қазақстанға Ресейден келетін көліктердің саны көбейді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға Ресейден келетін көліктердің саны 20 процентке көбейген. Көші-қон қызметінің ақпаратына сәйкес, мигранттардың кіруі шекарадан бастап тіркеледі. Барлық мәлімет бірыңғай деректер базасына автоматты түрде түседі. Статистикаға сәйкес, биыл Қазақстанға 4,3 млн-ға жуық шетелдік келген. Олардың 4,1 млн-ы қайтадан кетіп қалды. Соның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары да бар. Осы елден 1 660 000 адам келсе, 1 640 000 азамат кеткен. Уақытша қалғандардың бәрі есепке алынды.Айта кетері, 21 қыркүйекте Ресейде Украинамен жағдайға байланысты ішінара мобилизация жарияланған болатын.
https://sputnik.kz/20220923/reseylikter-qazaqstanga-agylyp-zhatyr--koshi-qon-qyzmeti-malimdeme-zhasady-27809134.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/08/18602512_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_78f964d29b69ad466758a22b998f8a12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, көлік
Ресейден келетін көліктер көбейді – комитет
10:46 23.09.2022 (жаңартылды: 10:48 23.09.2022) АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Екі күннен бері Қазақстанға Ресейден келетін көліктердің саны көбейді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға Ресейден келетін көліктердің саны 20 процентке көбейген.
"Осыған байланысты кейбір шекара өткізу бекеттерінде, әсіресе, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында кептеліс байқалады", - дейді комитет мамандары.
Көші-қон қызметінің ақпаратына сәйкес, мигранттардың кіруі шекарадан бастап тіркеледі. Барлық мәлімет бірыңғай деректер базасына автоматты түрде түседі. Статистикаға сәйкес, биыл Қазақстанға 4,3 млн-ға жуық шетелдік келген. Олардың 4,1 млн-ы қайтадан кетіп қалды. Соның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары да бар. Осы елден 1 660 000 адам келсе, 1 640 000 азамат кеткен. Уақытша қалғандардың бәрі есепке алынды.
Айта кетері, 21 қыркүйекте Ресейде Украинамен жағдайға байланысты ішінара мобилизация жарияланған болатын.