АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Биыл кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтар бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақты таңдай алады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Осы сайлауда міндетті түрде алғаш рет өз пікірін білдіру үшін "барлығына қарсымын" деген мүмкіндік болады", - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте журналистер сұрағына жауап беріп.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның айтуынша, 2019 жылы бір бюллетень 11 теңге болса, қазіргі есептеулер бойынша оның құны 22 теңгеге дейін өскен.