Экономика

Қазақстан мен Қытай юаньмен өзара есеп айырысуды дамытуды жоспарлап отыр

Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі юаньмен өзара есеп айырысуды дамытуды жоспарлап отыр.
Тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум клиринг және ұлттық валюталардағы трансшекаралық есеп айырысуларды дамыту жөніндегі деректермен алмасу мәселелері бойынша орталық банктердің уағдаластығын бекітеді.
"Меморандум – қаржы саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа қадам және трансшекаралық есеп айырысуларда ұлттық валюталарды неғұрлым кеңінен пайдалануға, сондай-ақ өзара сауда және инвестициялық қызметті дамытуға ықпал етеді", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Саясат
Қытай Қазақстанмен қарым-қатынасқа зор көңіл бөледі - Си Цзиньпин