Қоғам

Назарбаевтың немере інісі "Қазақтелекомға" келтірген шығынды өтеді

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. "Қазақтелекомнан" аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін айыпталған бизнесмен Қайрат Сатыбалды компаниямен медиативті келісімге келіп, 12 миллиард теңгені өтеп берді. Бұл туралы бүгінгі сот отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Медиативті келісімге Сатыбалдыдан бөлек, басқа да айыпталушылар, атап айтқанда, Бекетов, Мұхамеджанұлы, Шыңғыс Қоңырбаев пен Леонид Муравьев қосылды.

"Олар өз кінәсін, сондай-ақ, 28 миллиард теңге мен 12 миллиард теңгеге залал келтіргенін толығымен мойындады. Қайрат Сатыбалдыұлы тарапынан ол сома өтелді", - деді адвокат.

Айта кетері, бүгін Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды. Судья айыпталушылардың өтініші бойынша аудио және видео жазба жасауға тыйым салды.
Қайрат Сатыбалды бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті