https://sputnik.kz/20220920/qayrat-satybaldy-beynebaylanys-arqyly-tuystarym-soylesti-27716995.html
Қайрат Сатыбалды бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті
Қайрат Сатыбалды бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Астанада Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 20.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-20T14:20+0500
2022-09-20T14:20+0500
2023-08-11T11:34+0500
сот
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:117:4990:2923_1920x0_80_0_0_3ed324ecf858ed2918d096cef0eac3b4.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Астанада Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айыпталушы сотқа онлайн режимде қатысып отыр. Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 195-бабы (Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) және 189-бабы ( Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айыпталуда.Отырыстың басында айыпталушы Сатыбалды бейнебайланыс арқылы туған-туыстарымен сөйлесті. Камераға түспеуге де кеңес берді. Осыдан кейін бір тілші:"Сіз қарыздың бір бөлігін қайтардыңыз ғой. Қазір не үшін айыптап жатыр?", - деп сұрады. Айыпталушы сот аяқталмайынша түсініктеме бере алмайтынын жеткізді. "Әлі сот біткен жоқ. Кешіріңіз, мен қазір ештеңе айта алмаймын", - деп атап көрсетті айыпталушы.Айта кетері, биыл 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылған еді. 24 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ және "Көлік сервисі орталығы" АҚ-ның қаржысын ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталып жатыр.Тергеу кезінде айыпталушылардың 240 миллиард теңгеден (500 миллион доллар) астам заңсыз активтері мен қаржысы мемлекетке қайтарылған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:581:4330:3828_1920x0_80_0_0_91696c9931b4d867e7a8b0d03d57f5c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Астанада Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айыпталушы сотқа онлайн режимде қатысып отыр. Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 195-бабы (Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) және 189-бабы ( Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айыпталуда.
Отырыстың басында айыпталушы Сатыбалды бейнебайланыс арқылы туған-туыстарымен сөйлесті. Камераға түспеуге де кеңес берді.
"Сендерде камерада отырудың қажеті жоқ. Былай қойып, қырынан бәрін қарап отырсаңдар болады", - деді ол.
Осыдан кейін бір тілші:"Сіз қарыздың бір бөлігін қайтардыңыз ғой. Қазір не үшін айыптап жатыр?", - деп сұрады.
Айыпталушы сот аяқталмайынша түсініктеме бере алмайтынын жеткізді.
"Әлі сот біткен жоқ. Кешіріңіз, мен қазір ештеңе айта алмаймын", - деп атап көрсетті айыпталушы.
Айта кетері, биыл 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады.
Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылған еді.
24 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ және "Көлік сервисі орталығы" АҚ-ның қаржысын ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталып жатыр.
Тергеу кезінде айыпталушылардың 240 миллиард теңгеден (500 миллион доллар) астам заңсыз активтері мен қаржысы мемлекетке қайтарылған болатын.