Оқиға

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан ағалы-қарындас қайтыс болды

Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 19 қыркүйек - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты. Ауди С4 жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жол апаты "Жезқазған – Петропавл" республикалық тасжолының 785 шақырымында Шал ақын ауданы Сергеевка қаласына жақын жерде болған.
"Ауди С4 автокөлігі Ғ.Мүсірепов ауданының 24 жастағы тұрғыны рөлінде отырған Shacman жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Audi C4 жүргізушісі мен жолаушысы жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Олар Тимирязев ауданының тұрғындары, ағалы-қарындас. Ер адам 54 жаста, әйел 40-та", - деді агенттікке дүйсенбі күні облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өңірлер
Павлодар облысындағы жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы қалай