https://sputnik.kz/20220919/pavlodar-oblysyndagy-zhol-apaty-27687705.html
Павлодар облысындағы жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы қалай
Павлодар облысындағы жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы қалай
Sputnik Қазақстан
ПАВЛОДАР, 19 қыркүйек – Sputnik. Қалқаман ауылының маңында болған жол апатынан зардап шеккен тоғыз адам Павлодар ауруханаларына жеткізілді, деп хабарлады... 19.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-19T11:37+0500
2022-09-19T11:37+0500
2022-09-19T11:37+0500
өңірлер
павлодар облысы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
ПАВЛОДАР, 19 қыркүйек – Sputnik. Қалқаман ауылының маңында болған жол апатынан зардап шеккен тоғыз адам Павлодар ауруханаларына жеткізілді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Ведомствоның мәліметінше, төрт бала бүгін сағат 02.50-де облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне түскен. Оларды кезекші травматолог пен ЛОР дәрігері қараған.Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы орташа ауыр. Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шарасы жүргізіліп жатыр. Әзірге жүргізушінің жағдайы туралы мәлімет жоқ. Ол ауруханаға жатқызылмаған.Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Noah (минивэн) көлігінде болған жолаушылардың барлығы (алты бала мен бес ересек адам) туыстар. Өскемен тұрғындары Астанадан қайтып келе жатқан. Жолда 31 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлікті жол жиегіне аударылып кеткен.Sputnik Қазақстан бұған дейін хабарлағандай, бүгін Қалқаман ауылының маңында ірі жол апаты болған жерге үш "жедел жәрдем" бригадасы жөнелтілді.Өкінішке қарай, дәрігерлер келгенше 6 және 14 жастағы екі бала қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында жедел көмек көрсетілді.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, жол апаты
павлодар облысы, жол апаты
Павлодар облысындағы жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы қалай
ПАВЛОДАР, 19 қыркүйек – Sputnik. Қалқаман ауылының маңында болған жол апатынан зардап шеккен тоғыз адам Павлодар ауруханаларына жеткізілді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, төрт бала бүгін сағат 02.50-де облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне түскен. Оларды кезекші травматолог пен ЛОР дәрігері қараған.
Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы орташа ауыр. Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шарасы жүргізіліп жатыр. Әзірге жүргізушінің жағдайы туралы мәлімет жоқ. Ол ауруханаға жатқызылмаған.
Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Noah (минивэн) көлігінде болған жолаушылардың барлығы (алты бала мен бес ересек адам) туыстар. Өскемен тұрғындары Астанадан қайтып келе жатқан. Жолда 31 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлікті жол жиегіне аударылып кеткен.
Sputnik Қазақстан бұған дейін хабарлағандай, бүгін Қалқаман ауылының маңында ірі жол апаты болған жерге үш "жедел жәрдем" бригадасы жөнелтілді.
Өкінішке қарай, дәрігерлер келгенше 6 және 14 жастағы екі бала қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында жедел көмек көрсетілді.