Қазақстанда көмірді автокөлікпен экспорттауға уақытша шектеу енгізілді

Ресейден отынның осы түрін импорттауға ЕО санкцияларынан кейін қазақстандық энергия тасымалдаушысына сұраныс артты
Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанда көмірді автокөлікпен экспорттауға уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
"Тұрғындар, коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалдау жағдайлары тіркелді. Қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату факктілері анықталды. Осыған байланысты шектеу енгізіліп отыр", - делінген хабарламада.
Министрліктің бұл шешімі өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген.
Мұндай шара жылу беру маусымы кезеңінде елде көмір тапшылығын болдырмау үшін қолға алынып отыр.
Қазақстанда көмір экспорты 21 процентке артты