Қазақстанда көмірді автокөлікпен экспорттауға уақытша шектеу енгізілді

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуКөмір
Көмір - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
Ресейден отынның осы түрін импорттауға ЕО санкцияларынан кейін қазақстандық энергия тасымалдаушысына сұраныс артты
АСТАНА, 19 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанда көмірді автокөлікпен экспорттауға уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
"Тұрғындар, коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалдау жағдайлары тіркелді. Қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату факктілері анықталды. Осыған байланысты шектеу енгізіліп отыр", - делінген хабарламада.
Министрліктің бұл шешімі өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген.
Мұндай шара жылу беру маусымы кезеңінде елде көмір тапшылығын болдырмау үшін қолға алынып отыр.
Добыча угля на Шубаркуле - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2022
Қазақстанда көмір экспорты 21 процентке артты
Жаңалықтар
0