ПАВЛОДАР, 19 қыркүйек – Sputnik. Таңертең Павлодарда көпқабатты үйдің кіреберісіндегі өртке байланысты өрт сөндірушілер 18 адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
19 қыркүйек сағат 06.41-де 101 байланыс нөміріне Қатаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің кіреберісінен түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Келген кезде 30 метр жылу құбырларының ағаш қаптамалары жанып жатқаны анықталды. 07.07-де адамдарды эвакуациялау басталды. 18 адам эвакуацияланды, оның алтауы бала. Бір адам құтқарылды", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен бес техника жұмылдырылды. Өрт сөндіріліп, себебі анықталып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.