Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот отырысы басталады

Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Елорда сотында 20 қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталады, деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.
Ол қызмет бабын асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілеріне қатысы бар деген күдікке ілінді.
Айта кетері, 24 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ және "Көлік сервисі орталығы" АҚ-ның қаржысын ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Еске салсақ, биыл 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылған еді.
Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталып жатыр.
Қоғам
Қайрат Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды