Спорт

Мен кәсіби карьерамды жалғастырамын - Головкин

Sputnik
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Канелоға қарсы үшінші жекпе-жектен кейін кәсіби карьерасын аяқтамайтынын мәлімдеді.
"Мен кәсіби мансабымды жалғастырамын, ол жағы нақты әрі айқын. Менде жақсы жоспар бар, жақсы ұсыныстар да жоқ емес. Ал Канелоны бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Барлық жанкүйерге алғысым шексіз, бізде өте жақсы жекпе-жек болды. Менде орта салмақта әлі үш белбеу бар. Мен қайта ораламын, жігіттер! Мен әлі де чемпионмын", - деді GGG.
Головкин орта салмақта өнер көрсетеді. Осы жолы Альвареспен кездесу үшін екінші орта салмаққа көтерілген болатын. Головкин бұл жекпе-жекті не себепті сылбыр бастағанын да түсіндірді.
"Жекпе-жекті неге жаман бастадым дейсіңдер ғой, бұл – жоғары деңгейдегі бокс. Канелоның кім екенін бәрі біледі. Онымен бір қателіқ жіберсең, бітті, жекпе-жек аяқталады. Бір соққы, жекпе-жекте жеңілесің. Бетімізге қараңызшы, екеуімізде де таза. Бұл жоғары деңгейдегі бокс, үздік дайындық, сапасы өте жақсы", - деп атап көрсетті Гена.
Оның ойынша, осы жолы екеуі шахмат ойнағандай болды, тактикаға басымдық берілді. Бұдан кейін ол Альвареспен кездеспейді.
"100 процент, Канеломен арадағы қарсыластық осымен аяқталды", - деді Головкин.
Спорт
GGG жеңіліп қалды - трилогияның соңы