Денсаулық

Электронды темекі мен кальян тартатындардың инфекция жұқтыру қаупі жоғары - дәрігер

Sputnik
АСТАНА, 18 қыркүйек - Sputnik. Электронды темекі жүрек-қан тамырлары ауруларын, ЖРВИ және ісіктерін тудыруы мүмкін. Олардың құрамында синтетикалық никотин мен хош иістер бар.
Кальянды жақсы көретіндердің туберкулезге шалдығу қаупі бар. Бұл туралы Ura.ru тілшісіне пульмонолог, Ресей денсаулық сақтау министрлігінің темекі тұтынудың алдын алу және бақылау орталығының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Марин Гамбарян айтты.
Вейптар қауіпті, себебі олардың құрамында көп мөлшерде улы синтетикалық никотин бар. Ол жүрек-тамыр жүйесіне, өкпеге зиянды, тіпті ісік тудырады. Бұл зертханалық зерттеулер арқылы дәлелденді.
"Электронды темекіде хош иістендіргіштер де бар, олар өкпеге өте зиянды. Бу тұрақтандырғыштары жедел респираторлық вирустық инфекциясын тудырады. Тіпті АҚШ-та тұтас эпидемия болды. Орташа жасы 20-дағы адамдар жансақтау бөліміне түскен. Ал Дәрігерлер бұл пневмонияның қандай түрі екенін түсінбеді, ковид сияқты", - деп түсіндірді Марин Гамбарян.
Топпен немесе қоғамдық орындарда кальян шегетін адамдардың инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары. Кальян түтікшелерінде вирустық, бактериялық инфекциялар, тіпті туберкулез дамуы мүмкін.
"Мундштуктар ауыстырылса да, бәрі шлангтарда қалады. Түтіктер жылы және ылғалды, сондықтан бактерия үшін таптырмас орын", - деп ескертеді пульмонолог.
Кальян сеансы 10-20 темекіге тең. Яғни, әсерін темекі шегумен салыстыруға болады.
2023 жылдан бастап темекі өнімдерінің акциз мөлшері ұлғайтылады