Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қақтығыста бір жақта 24 адам қаза тапты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қарулы қақтығыс кезінде 24 Қырғызстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін қырғыз-тәжік шекарасында зардап шеккен адамдардың саны 100-ден асты.
"Шұғыл мәліметтерге сәйкес, Бәткен облысындағы денсаулық сақтау ұйымына 24 адамның мәйіті жеткізілді", - дейді министрліктің баспасөз хатшысы.
Айта кетері, жұма күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс өршіп кетті. Екі жақ та бір-бірін ауыр техниканы қолданғаны үшін айыптады. Артынан Қырғызстанның шекара қызметі екі елдің арнайы қызметтері оқ атуды тоқтатуға келіскенін хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан кейін екі жақ та бір-бірін оқ атуды тоқтату режимін бұзғаны үшін айыптап шықты.
"Равод" шекара бекетінде екі елдің жұмыс топтары кездесіп, келіссөздер өткізді. Бұдан бөлек, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмона Самарканд қаласында кездесіп, әскери күштерін шекарадан шалғай жерге алып кетуге келіскен. Оқиғаның мән-жайын анықтайтын комиссия да құрылады деген.