https://sputnik.kz/20220917/tazhikstan-qyrgyzstan-arasyndagy-qaqtygys-27664261.html
Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қақтығыста бір жақта 24 адам қаза тапты
Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қақтығыста бір жақта 24 адам қаза тапты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қарулы қақтығыс кезінде 24 Қырғызстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости... 17.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-17T12:20+0500
2022-09-17T12:20+0500
2023-08-09T17:01+0500
тәжікстан
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/old/1279/38/12793873_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_7eb9861aa28c5af10cb66249bb5806b3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қарулы қақтығыс кезінде 24 Қырғызстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, бүгін қырғыз-тәжік шекарасында зардап шеккен адамдардың саны 100-ден асты. Айта кетері, жұма күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс өршіп кетті. Екі жақ та бір-бірін ауыр техниканы қолданғаны үшін айыптады. Артынан Қырғызстанның шекара қызметі екі елдің арнайы қызметтері оқ атуды тоқтатуға келіскенін хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан кейін екі жақ та бір-бірін оқ атуды тоқтату режимін бұзғаны үшін айыптап шықты. "Равод" шекара бекетінде екі елдің жұмыс топтары кездесіп, келіссөздер өткізді. Бұдан бөлек, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмона Самарканд қаласында кездесіп, әскери күштерін шекарадан шалғай жерге алып кетуге келіскен. Оқиғаның мән-жайын анықтайтын комиссия да құрылады деген.
тәжікстан
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1279/38/12793873_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_920d5986feb12bc56110dd3d7b2bebf0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәжікстан, қырғызстан
Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қақтығыста бір жақта 24 адам қаза тапты
12:20 17.09.2022 (жаңартылды: 17:01 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қарулы қақтығыс кезінде 24 Қырғызстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін қырғыз-тәжік шекарасында зардап шеккен адамдардың саны 100-ден асты.
"Шұғыл мәліметтерге сәйкес, Бәткен облысындағы денсаулық сақтау ұйымына 24 адамның мәйіті жеткізілді", - дейді министрліктің баспасөз хатшысы.
Айта кетері, жұма күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс өршіп кетті. Екі жақ та бір-бірін ауыр техниканы қолданғаны үшін айыптады. Артынан Қырғызстанның шекара қызметі екі елдің арнайы қызметтері оқ атуды тоқтатуға келіскенін хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан кейін екі жақ та бір-бірін оқ атуды тоқтату режимін бұзғаны үшін айыптап шықты.
"Равод" шекара бекетінде екі елдің жұмыс топтары кездесіп, келіссөздер өткізді. Бұдан бөлек, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмона Самарканд қаласында кездесіп, әскери күштерін шекарадан шалғай жерге алып кетуге келіскен. Оқиғаның мән-жайын анықтайтын комиссия да құрылады деген.