Қай компаниялар жақын арада IPO-ға шығарылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Осы жылдың соңына дейін "ҚазМұнайГаз" компаниясы IPO-ға шығарылады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2025 жылға дейін "Самұрық-Қазына" қоры Қазақстанның ірі компанияларын жекешелендіруге, IPO мен SPO-ға шығаруға бастамашылық ете отырып, үлесін қысқартады.
"Қазіргі уақытта KASE және AIX жергілікті биржаларында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының IPO-сын өткізу үшін белсенді түрде дайындық жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айының екінші жартысынан бастап Қазақстан қалаларында бұқара халықты тарту үшін роуд-шоу басталады. Біздің міндетіміз халықты хабардар етіп, барынша қамту", - деді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қордың жоспары бойынша жыл соңына дейін "ҚазМұнайГаз" IPO-ға шығарылады.
"Эйр Астана" IPO-ға 2023-2024 жылдары, "Самұрық-Энерго" – 2023-2024 жылдары, KEGOC – 2023-2024 жылдары, "Қазақстан темір жолы" – 2025 жылы, QazaqGaz – 2024-2025 жылдары, QAZAQ Air – 2023 жылы шығару жоспарланып отыр.
Экономика
"ҚазМұнайГаз" жыл соңына дейін қор биржасында IPO-ға шығады