https://sputnik.kz/20220915/kompaniyalar-ipo-shygarylady-27609708.html
Қай компаниялар жақын арада IPO-ға шығарылады
Қай компаниялар жақын арада IPO-ға шығарылады
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Осы жылдың соңына дейін "ҚазМұнайГаз" компаниясы IPO-ға шығарылады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы... 15.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-15T15:28+0600
2022-09-15T15:28+0600
2022-09-15T15:56+0600
компания
ipo
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/old/856/38/8563873_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_b695cbed23b82c4f1ed5a02e33cd51ce.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Осы жылдың соңына дейін "ҚазМұнайГаз" компаниясы IPO-ға шығарылады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 2025 жылға дейін "Самұрық-Қазына" қоры Қазақстанның ірі компанияларын жекешелендіруге, IPO мен SPO-ға шығаруға бастамашылық ете отырып, үлесін қысқартады. "Қазіргі уақытта KASE және AIX жергілікті биржаларында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының IPO-сын өткізу үшін белсенді түрде дайындық жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айының екінші жартысынан бастап Қазақстан қалаларында бұқара халықты тарту үшін роуд-шоу басталады. Біздің міндетіміз халықты хабардар етіп, барынша қамту", - деді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Қордың жоспары бойынша жыл соңына дейін "ҚазМұнайГаз" IPO-ға шығарылады. "Эйр Астана" IPO-ға 2023-2024 жылдары, "Самұрық-Энерго" – 2023-2024 жылдары, KEGOC – 2023-2024 жылдары, "Қазақстан темір жолы" – 2025 жылы, QazaqGaz – 2024-2025 жылдары, QAZAQ Air – 2023 жылы шығару жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20220629/qazmunaygaz-qazaqstandyq-qor-birzhasy-25810541.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/856/38/8563873_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_d17418e9b62aaa2e5c957526828c0bad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
компания, ipo
Қай компаниялар жақын арада IPO-ға шығарылады
15:28 15.09.2022 (жаңартылды: 15:56 15.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Осы жылдың соңына дейін "ҚазМұнайГаз" компаниясы IPO-ға шығарылады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
2025 жылға дейін "Самұрық-Қазына" қоры Қазақстанның ірі компанияларын жекешелендіруге, IPO мен SPO-ға шығаруға бастамашылық ете отырып, үлесін қысқартады.
"Қазіргі уақытта KASE және AIX жергілікті биржаларында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының IPO-сын өткізу үшін белсенді түрде дайындық жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айының екінші жартысынан бастап Қазақстан қалаларында бұқара халықты тарту үшін роуд-шоу басталады. Біздің міндетіміз халықты хабардар етіп, барынша қамту", - деді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қордың жоспары бойынша жыл соңына дейін "ҚазМұнайГаз" IPO-ға шығарылады.
"Эйр Астана" IPO-ға 2023-2024 жылдары, "Самұрық-Энерго" – 2023-2024 жылдары, KEGOC – 2023-2024 жылдары, "Қазақстан темір жолы" – 2025 жылы, QazaqGaz – 2024-2025 жылдары, QAZAQ Air – 2023 жылы шығару жоспарланып отыр.