Бағдат Мусин телефон алаяқтарына қалай жауап беретінін айтты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телефон алаяқтарына қалай жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер министрден телефон алаяқтары қоңырау шалды ма деп сұрады.
"Иә, хабарласты. Менің жауабым қарапайым: алаяқтар телефон соққанда, мен бірден қазақ тілінде жауап беремін. Содан кейін олар өздері тұтқаны қоя салады", - дейді Мусин.
Айтуынша, цифрлық даму министрлігі телеком-операторлармен жалған нөмірлерді бұғаттау бойынша бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.
"Алаяқтықтың жаңа түрі шықты. Телефон қоңырауы шетелден келеді. Ал біздің операторлар оны кәдімгі қоңырау ретінде көреді. Сол себепті біз байланыс операторларымен роумингтен келген қоңырауларды бұғаттау бағытында тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді ол.
Меморандумға қол қойылған. Екі оператор технологияларды сынақтан өткізді. Дайындығы жаман емес. Үшінші оператор сатып алу процедурасын өткізіп жатыр, деп атап өтті Мусин.
Павлодар облысында сатушы клиенттің ақшасына өзіне қымбат телефон сатып алды