НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. 2022 жылдың тамыз айында тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 35 686 көрсеткішін құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда олардың саны 17,4%-ке өсті. Мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап, сәйкесінше 6 392 және 6 389 мәмілені құрады.
Сәйкес ең аз келісімшарт саны Ұлытау облысында тіркелген – 412. Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны 23,2%-ке, ал 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ке азайды.
2022 жылғы шілдемен салыстырғанда тамызда 12 өңірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің өскені байқалды. Ең үлкен өсім Нұр-Сұлтан (45,6%), Алматы (30%), Шымкент (29,6%) және Атырау облысында (22,6%) тіркелді. Бір айдағы ең көп төмендеу Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында тіркелді, бұл аймақтардың бөлінуіне байланысты туындап отырған фактор.
Сонымен қатар, Қарағанды облысында мәмілелердің төмендеуі бар болғаны -5,7%-ті құрады, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші орында тұруымен түсіндіріледі. Мәмілелердің 74,3%-і көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге қатысты рәсімделсе, қалған 25,7%-і сатылымдағы жеке үйлердің үлесіне тиесілі.
Жыл басынан бері бірінші рет бір бөлмелі пәтерге жасалған мәмілелер екі бөлмелі пәтерге қатысты сұраныстан асып түсіп, тамызда олардың саны 9 879 көрсеткішін құрады. 1 бөлмелі пәтерлерге қатысты мәмілелердің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында (2 888) және Алматыда (2 687) рәсімделді.
Жеке тұрғын үйлер бойынша 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда Шығыс Қазақстан (-46,6%), Алматы (-24,6%) және Ақтөбе облыстарында (-2,4%) мәмілелер санының төмендеуі жалғасып тұр. Керісінше, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелердің өсімі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркеліп, сәйкесінше, +25,3% және +31,7%-ті құрады.