https://sputnik.kz/20220912/turgyn-uydi-satyp-alu-satu-27504884.html
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 11,6%-ке азайды
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 11,6%-ке азайды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. 2022 жылдың тамыз айында тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 35 686 көрсеткішін құрады, деп хабарлайды... 12.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-12T17:17+0500
2022-09-12T17:17+0500
2022-09-12T17:17+0500
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_615acd531200773b449bb25123bea106.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. 2022 жылдың тамыз айында тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 35 686 көрсеткішін құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда олардың саны 17,4%-ке өсті. Мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап, сәйкесінше 6 392 және 6 389 мәмілені құрады. Сәйкес ең аз келісімшарт саны Ұлытау облысында тіркелген – 412. Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны 23,2%-ке, ал 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ке азайды. 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда тамызда 12 өңірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің өскені байқалды. Ең үлкен өсім Нұр-Сұлтан (45,6%), Алматы (30%), Шымкент (29,6%) және Атырау облысында (22,6%) тіркелді. Бір айдағы ең көп төмендеу Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында тіркелді, бұл аймақтардың бөлінуіне байланысты туындап отырған фактор. Сонымен қатар, Қарағанды облысында мәмілелердің төмендеуі бар болғаны -5,7%-ті құрады, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші орында тұруымен түсіндіріледі. Мәмілелердің 74,3%-і көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге қатысты рәсімделсе, қалған 25,7%-і сатылымдағы жеке үйлердің үлесіне тиесілі. Жыл басынан бері бірінші рет бір бөлмелі пәтерге жасалған мәмілелер екі бөлмелі пәтерге қатысты сұраныстан асып түсіп, тамызда олардың саны 9 879 көрсеткішін құрады. 1 бөлмелі пәтерлерге қатысты мәмілелердің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында (2 888) және Алматыда (2 687) рәсімделді. Жеке тұрғын үйлер бойынша 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда Шығыс Қазақстан (-46,6%), Алматы (-24,6%) және Ақтөбе облыстарында (-2,4%) мәмілелер санының төмендеуі жалғасып тұр. Керісінше, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелердің өсімі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркеліп, сәйкесінше, +25,3% және +31,7%-ті құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_20fd79dcabdea1fe0e8ab092e0ec5f2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. 2022 жылдың тамыз айында тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 35 686 көрсеткішін құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда олардың саны 17,4%-ке өсті. Мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап, сәйкесінше 6 392 және 6 389 мәмілені құрады.
Сәйкес ең аз келісімшарт саны Ұлытау облысында тіркелген – 412. Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны 23,2%-ке, ал 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ке азайды.
2022 жылғы шілдемен салыстырғанда тамызда 12 өңірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің өскені байқалды. Ең үлкен өсім Нұр-Сұлтан (45,6%), Алматы (30%), Шымкент (29,6%) және Атырау облысында (22,6%) тіркелді. Бір айдағы ең көп төмендеу Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында тіркелді, бұл аймақтардың бөлінуіне байланысты туындап отырған фактор.
Сонымен қатар, Қарағанды облысында мәмілелердің төмендеуі бар болғаны -5,7%-ті құрады, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші орында тұруымен түсіндіріледі. Мәмілелердің 74,3%-і көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге қатысты рәсімделсе, қалған 25,7%-і сатылымдағы жеке үйлердің үлесіне тиесілі.
Жыл басынан бері бірінші рет бір бөлмелі пәтерге жасалған мәмілелер екі бөлмелі пәтерге қатысты сұраныстан асып түсіп, тамызда олардың саны 9 879 көрсеткішін құрады. 1 бөлмелі пәтерлерге қатысты мәмілелердің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында (2 888) және Алматыда (2 687) рәсімделді.
Жеке тұрғын үйлер бойынша 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда Шығыс Қазақстан (-46,6%), Алматы (-24,6%) және Ақтөбе облыстарында (-2,4%) мәмілелер санының төмендеуі жалғасып тұр. Керісінше, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелердің өсімі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркеліп, сәйкесінше, +25,3% және +31,7%-ті құрады.