НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. CTS компаниясы елорда автобустарында жолақыны QR-кодпен төлеу тоқтатылады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Қоғамдық көлікте QR-код штаттық режимде жұмыс істеп тұр және оны өшіру қарастырылып отырған жоқ", - делінген хабарламада.
CTS компаниясы астаналықтардан жалған ақпарат таратпауды, тек ресми деректерге сенуді сұрады.
Айта кетері, Нұр-Сұлтан қаласында жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасының көмегімен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы.