Елорда тынысы

Елорда автобустарында жолақыны QR-кодпен төлеу тоқтатылатыны рас па

© Photo : Акимат Нур-СултанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
Мессенджерлерде қоғамдық көлікте жолақыны QR-кодты сканерлеу арқылы төлеу жүйесі тоқтатылады деген ақпарат тарап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. CTS компаниясы елорда автобустарында жолақыны QR-кодпен төлеу тоқтатылады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Қоғамдық көлікте QR-код штаттық режимде жұмыс істеп тұр және оны өшіру қарастырылып отырған жоқ", - делінген хабарламада.
CTS компаниясы астаналықтардан жалған ақпарат таратпауды, тек ресми деректерге сенуді сұрады.
Айта кетері, Нұр-Сұлтан қаласында жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасының көмегімен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы.
Жаңалықтар
0