Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Президенттер түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пейілде талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.
Өзбекстан университеті қазақстандық студенттерге грант бөлді