Өзбекстан университеті қазақстандық студенттерге грант бөлді

© Photo : StockSnapКітапхана
Кітапхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек — Sputnik. Өзбекстандағы "Жібек жолы" халықаралық туризм және мәдени мұра университеті қазақстандықтарға гранттар бөлді.
"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының дерегіне сәйкес, магистратура бағдарламасы төрт білім беру гранты бөлінді. Мына мамандықтар бойынша беріліп отыр:
туризмдегі логистика;
туризм (қызмет салалары бойынша);
музейтану;
мәдени мұраны басқару;
шығармашылық индустрия;
археология.
Грант келесі шығындарды қамтиды: тегін оқу; 500 доллар көлеміндегі ай сайынғы стипендия ; жатақхананың ай сайынғы төлеміне 100 доллар; Өзбекстанға келу үшін жыл сайынғы эконом-класс авиабилеттері; Өзбекстанның ежелгі тарихи қалаларына сапарлар (жылына 100 доллар/ 2 сапарға тең сома).
Студенттер ағылшын тілінде білім алады.
Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілі Андрей Бабко шымкенттік студент Юлия Шелегединаға компьютер сыйлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Шымкенттік студент ғылыми-техникалық анимация байқауында жеңімпаз атанды
Жаңалықтар
0