Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда монша кешенінде лифт құлады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек - Sputnik. Нұр-Сұлтанда монша кешенінде лифт құлады. Видео әлеуметтік желіде тарады.
Осы сәтте лифт ішінде болған қыздардың бірі лифт 1-қабаттан минус 1-қабатқа құлағанын жеткізді.
"Адамдар лифт ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар лифт есігі ашылмай тұрғанын анықтады", - деп толықтырды елорданың төтенше жағдайлар департаменті.
Жедел-құтқару жұмыстарының нәтижесінде лифт есігі ашылып, 8 адам шығарылды.
Жуырда Павлодарда лифт шахтасында ер адамның қолы қысылып қалған болатын. Құтқарушылар оны шатыр арқылы шығарып, жедел жәрдемге жеткізді.
Өңірлер
Алматыда ішінде адам болғанда лифт кенеттен "жұлқынып" жоғарыға зулады - видео