Өңірлер

Алматыда ішінде адам болғанда лифт кенеттен "жұлқынып" жоғарыға зулады - видео

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт
Лифт - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2022
Жазылу
Тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт өздігінен қозғалып кетті, бір тұрғын зардап шекті
АЛМАТЫ, 30 маусым — Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Mega Towers лифтісінің өздігінен қозғалу фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Ол 25-қабатта кенеттен тоқтаған кезде кабинада болған ер адам жарақат алды.
Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі төтенше жағдай туралы зардап шегушінің әлеуметтік желіде айтып берді.
"29 маусымда Алматыда Mega Towers лифтісі 25 қабатқа соғылып тоқтады. Біз отбасымызбен 4-қабаттан осы лифтпен түсіп бара жатқан едік. Ол 1-қабатқа түскенде менен басқа барлығы шықты. Есік жабылып, лифт кенеттен жоғары көтеріле бастады. Жетінші қабатқа дейін жылдам көтерілді. Кейін 25-қабатқа дейін мүлдем зулады. Ғимараттың төбесіне қатты соғылды", - деп жазды Telegram-да ер адам.
Төтенше жағдайлар департаменті оларға оқиға туралы ақпарат түспегенін хабарлады. Осы уақытта полиция төтенше жағдай туралы түсінік берді.
"Қазіргі уақытта біз ресми талқылауға кірістік. Нәтижелері бойынша болған оқиғаға құқықтық баға беріледі. Төтенше жағдай кезінде лифтте болған ер адам ауыр жарақат алған жоқ, тек саусағын жарақаттады. Оның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Sigma маркалы Лифт 2008 жылдан бері пайдаланылып келеді. 2019 жылдан бастап "Лифт Комплекс"лифт компаниясы қызмет көрсетеді.
Жаңалықтар
0