Алматыда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматының Алатау ауданындағы Емцов көшесінің бойында жол апатынан жүргізуші көз жұмды.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry жүргізушісі Рысқұлов даңғылынан төмен солтүстікке қарай келе жатқанда рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік бордюрден өтіп, көшедегі екі жарықтандыру бағанасын қиратып, арыққа түсіп кеткен.
Алматыда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Жол апатынан 1974 жылы туған жүргізуші сол жерде көз жұмды.
Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала болжам бойынша рөлде жүргізушінің денсаулығы сыр берген.