Алматыда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

© Sputnik / СтрингерАлматыда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Алматыда жол апатынан жүргізуші көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматының Алатау ауданындағы Емцов көшесінің бойында жол апатынан жүргізуші көз жұмды.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry жүргізушісі Рысқұлов даңғылынан төмен солтүстікке қарай келе жатқанда рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік бордюрден өтіп, көшедегі екі жарықтандыру бағанасын қиратып, арыққа түсіп кеткен.
© Sputnik / СтрингерАлматыда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Алматыда жол апатынан жүргізуші көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2022
Алматыда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Жол апатынан 1974 жылы туған жүргізуші сол жерде көз жұмды.
Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала болжам бойынша рөлде жүргізушінің денсаулығы сыр берген.
Жаңалықтар
0